Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл жастарын әлеуметтендіру бойынша кешенді шаралар өткізілді

Ауыл жастарын әлеуметтендіру бойынша кешенді шаралар өткізілді

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша, аудандық жастар ресурстық орталығы және «Жас Арал өрендері» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауыл жастарын әлеуметтендіру бойынша кешенді шаралар өткізілуде. Шаралар барсында жастарға мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру, қоғамдық қабылдау, жастар арасында спорттық сайыс пен волонтер жылына орай жастармен кездесулер өткізілді.

Кешенді  шаралар Сексеуіл және Жақсықылыш кенттері, Райым,    Жетес би, Қосжар, Аралқұм, Сапақ, Қарақұм, Жіңішкеқұм, Қамыстыбас, Октябрь, Қаратерең, Аманөткел, Ақирек, Сазды, Қосаман, Бөген ауылдық округтерінде болып, ауыл жастарына бағытталған кешенді шаралар өткізіліп, олардың ұсыныс-пікірлері ортаға салынды.

Сонымен бірге, спорттық сайысқа қатысқан жастар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапаттады.

Сонымен қатар, биылғы Волонтер жылына орай, ауылдық округ жастарымен еріктілік қызметпен белсене айналасып жатқан белсенді жастарға әдістемелік құралдар, материалдар мен арнайы дайындалған кепка және футболка табысталды.
10 қазан 2020 ж. 567 0