13 қазан, сейсенбі күнгі ауа райы болжамы
13 қазан күні республиканың бірқатар өңірінде жел күшейіп, солтүстігінде және шығысында тұман түседі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклонның ықпалында. Сол себепті күн жауын-шашынсыз болады. Тек Қазақстанның солтүстік-шығысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, - делінген хабарламада.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі.
Жамбыл облысында таңертең және күндіз, Түркістан облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде түнде 3 градус үсік жүреді.
baq.kz