ХҚО-ның жаңа дәстүрі

"Қызмет алушының ризашылығы біз үшін қашанда қымбат. Бұл бастаманы қолдаудағы басты мақсатымыз азаматтарға жылу сыйлау болып табылады.Бір жағынан осындай көріністер мамандарымызға да қуат сыйлап, ХҚО ішінде ерекше көңіл күй орнайды" - дейді, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Айдын Қайруллаев.
Елімізде орын алған төтенше жағдайдан кейін тұрғындарымыздың көңілін көтеру мақсатында жасалып отырған бұл бастама көңіл қуантады. Бұл жерде сыйлықтың көлемі немесе бағасы маңызды емес, бастысы шын көңілден болуы. Әрдйым бір-бірімізге жылу сыйлап, қуантып жүрейік!
"Азаматтарға арналған үкімет"
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Қызылорда облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі