Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жерді ғаламдық апаттан құтқарудың әдісі белгілі болды

Жерді ғаламдық апаттан құтқарудың әдісі белгілі болды

Халықаралық ғалымдар тобы Жерді апатты климаттық өзгерістерден және жойылып бара жатқан көптеген түрлерді құрып кетуінен құтқарудың жолын атады.
Ол үшін ауыл шаруашылығына берілген табиғи аумақтардың 30 пайызын бұрынғы күйіне қайтару қажет. Сонымен қатар, мұндай шаралар атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшерін 465 миллиард тоннадан астам төмендетеді. Бұл туралы Nature-де жарияланған мақалада жазылған.
Зерттеушілер бүкіл әлем бойынша ауылшаруашылық жерлерге айналған 2870 миллион гектар экожүйені талдады. Олардың 54 пайызы бастапқыда ормандар, 25 пайызы шалғындар, 14 пайызы бұталы дала, 4 пайызы құрғақ жерлер және 2 пайызы сулы-батпақты жерлер болған. Содан кейін ландшафттардың әрқайсысы рентабельділік, биоәртүрлілікті сақтау және көміртектің жинақталуы негізінде бағаланды.
Ауылшаруашылық жерлерге айналған экожүйелердің 55 пайызын немесе 1578 миллион гектарын адамзатқа азық-түлікпен қамтамасыз етуге зиян келтірместен қалпына келтіруге болатыны белгілі болды. Алайда, егер әр ел өз ормандарының 15 пайызын қалпына келтірсе, онда биоәртүрліліктің пайдасы 28 пайызға, климат үшін 29 пайызға азаяды және шығындардың өсуі 52 пайызға артады. Бұл нәтиже әртүрлі биомаларды қалпына келтіру қажет екенін көрсетеді.

stan.kz

16 қазан 2020 ж. 220 0