Қазақстан медицина саласында қандай мамандар тапшы?

Осы жылдың 15 шілдедегі жағдай бойынша дәрігер кадрларының тапшылығы 5 201-ді құрады. Қостанай облысында 624 қызметкер қажет. Ең жоғары тапшылық осы өңірде.
«Жас мамандарды бөлгеннен кейін кадрлар тапшылығының жақсаруы байқалады.10 қыркүйектегі жағдай бойынша республика бойынша кадрларға қажеттілік 1 079 бірлікке азайды. Осы ретте Қостанай облысында кадрларға қажеттілік 52%-ға азайды», – деді Қанат Төсекбаев.
Осылайша, қазіргі уақытта медициналық кадрлардағы тапшылық 4 122-ге түсті.
Ең үлкен тапшылық келесі мамандықтар бойынша байқалады:
– анестезиолог-реаниматологтар (393);
– терапевтер (346,75);
– ЖПД (319,5);
– дәрігер-зертханашылар (226);
– психиатрлар (213 дана);
– акушер-гинекологтар (203,5);
– педиатрлар (202,75);
– инфекционистер (121,5);
– эпидемиологтар (102,5);
– неонатологтар (85,25).
Сонымен қатар Республика бойынша орта медицина қызметкерлеріне тапшылық 8 583 бірлікті құрайды.
kyzylorda-news.kz