«Маскалар есірткіге малынған, абайлаңыз» – министрлік түсініктеме берді

«Әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпарат таратылған. Ақпарат бойынша әлеуметтік қызметкерлер есірткіге малынған маскалар таратқан. Артынша адамдарды ұйқтатып тастап, ұрлық жасаған. Ресми түрде бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны туралы айтқым келеді. Бұл фейк ақпарат», – дейді Нұрділдә Ораз.

Айта кетейік, бұған дейін желіде өздерін еріктілерміз деп таныстырып, маска таратып, үй иесін ұйықтатып кететін адамдар туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай жағдай тіркелмеген.
kyzylorda-news.kz