Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнде қала аумағына зиянды зат себетін болады – ДСМ ақпаратқа жауап берді

Түнде қала аумағына зиянды зат себетін болады – ДСМ ақпаратқа жауап берді

Түнде қала аумағына зиянды зат шашады деген ақпарат жалған. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі осылай деп мәлімдеді.
Қазіргі уақытта желіде түнгі сағат 2:00 шамасында далада адам денсаулығына зиянды зат шашылды деген хабарлама тарап жүр.
Министрліктің ресми мәлімдемесіне сай, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Осы орайда, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды әлеуметтік желідегі жалған ақпаратқа емес, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. Жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-ші бабына сай жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін еске саламыз.
24.kz
01 шілде 2020 ж. 671 0