Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде мерекелік шараларға рұқсат берілді ме?

Елімізде мерекелік шараларға рұқсат берілді ме?

BAQ.KZ. Бүгінде әлеуметтік желіде ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша Қазақстан территориясында ресейлік "Ласковый май" тобының және де басқа да мерекелік кештерге рұқсат берілгендігі туралы ақпарат тарап жүр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ескертеді. Министрлік бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
Құрметті қазақстандықтар, әлеуметтік желіде тарап жүрген жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді өтінеміз. Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіздер. Барлық ресми әрі нақты ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле аласыздар, - делінген хабарламада. 
Естеріңізге сала кетейік, жалған ақапарт таратқан адамдар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша («Жалған ақпарат тарату») жауапкерлішікке тартылуы мүмкін. 
https://baq.kz/
08 мамыр 2020 ж. 649 0