Ауырмайтын жол іздеу: иммунитетті көтеруге арналған төрт кеңес
Әлемді дүрліктірген інденттің беті қайтпай тұрған уақытта аурудан сақтану, денсаулыққа дұрыс күтім жасау, иммунитетті көтеру секілді мәселелер бұрынғыдан да өзекті болып тұрғаны рас. Қазақ «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Бағамдап қараған адамға оның жолы аса қиын емес. Күнделікті өмірде уақтылы ұйықтап, бірер минутыңызды спортқа, миыңызды жаттықтыруға арнасаңыз жетіп жатыр. Сонымен: КҮН ТӘРТІБІН САҚТАҢЫЗ
Әрбір адамның күн тәртібінде еңбекке, демалыс пен тамақтануға арналған уақыт болуы керек. Бұл тәртіпке бағынбағандар апта соңында жұмыстың астында қалып, зорығып кетеді. Салдарынан ашушаң болып, бұл өз кезегінде жүйке жүйесіне әсер етеді. Мұндай адамдар күйзеліске бейім.
УАҚТЫЛЫ ӘРІ ДҰРЫС ҰЙҚЫ
Бұл иммунитетті арттырып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Мамандар тәулігіне 8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Мұнда да режимді сақтау маңызды. Күнделікті бір уақытта оянып, бір уақытта тұруды әдетке айналдыруға тырысыңыз.
МИЫҢЫЗДЫ ЖАТТЫҚТЫРЫҢЫЗ
Өзіңізге бейтаныс болған саланы меңгеруге ұмтылыңыз. Тіл үйреніңіз. Қызықты тренингтерге қатысып, ойыңызбен есеп шығарыңыз. Ғалымдардың зерттеуінше, осы әрекеттердің арқасында жас өте ми жұмысының кері кету процесінің қарқынын бәсеңдетуге болады. Сондай-ақ зат алмасу және жүрек соғысы қалыпқа келеді.
СПОРТПЕН ШҰҒЫЛДАНЫҢЫЗ Ғалымдар күніне 10 минут спортпен шұғылданудың өзі адам өмірін ұзартатынын дәлелдеген. Гимнастика, атлетика, қимыл-қозғалыс ойындары – мұның бәрінің жүрек-қан тамырлары жүйесіне ғана емес, өкпе, қимыл-тірек аппаратының жақсаруына да ықпалы зор. Жүгірудің жүйке және эндокриндік жүйеге пайдасы мол.
24.kz