Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?

2021 жылы оқушылар қашықтан оқи ма?

Әлеуметтік желілерде 2021 жылы оқушыларды қашықтан оқыту форматы сақталатыны жайлы ақпарат тараған еді. Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, екінші тоқсан бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтіп отырғанын, шешім шыққанда бірден хабарлайтынын жеткізді.
Карантин кезіндегі оқыту форматы туралы шешімді санитариялық бас дәрігер қабылдайды.
"Алғашқы тоқсан 5 қарашада аяқталады. Санитария талаптары бойынша оқушылар негізінен қашықтан оқып жатыр. Ата-аналардың талап-тілектері бойынша 1-4 сынып оқушылары санитария талаптарының сақталуымен кезекші сыныптарда білім алып жатыр. Бір сыныпта оқушылардың саны 15-тен аспауы керек. Бас мемлекеттік санитария дәрігері тиісті қаулы шығарады", - деді Білім және ғылым министрлігі.

Министрлік өкілдері тек шынайы ақпаратқа сенуге шақырды. Жалған ақпарат таратқан адамдардың қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясына байланысты қашықтан оқыту жалғасып жатыр. Биыл Қазақстанда 7391 мектепте 3,3 млн астам адам білім алып жатыр, оның ішінде 1 сыныпта 396 мыңнан аса бала оқиды.
massaget.kz
21 қазан 2020 ж. 621 0