Жаңақорғанда дала өрті салдарынан 700-ге жуық қой өртеніп кеткен

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша оқиға 2020 жылғы 21 қазанда сағат 18.50-де болған.
kyzylorda-news.kz«Өрт 21 қазанда сағат 21.48-де толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге ТЖД мен ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 19 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан алдын ала болжам бойынша жеке шаруа қожалығына тиесілі жайылып жүрген 700-ге жуық қой өртеніп кеткен. Сондай-ақ күйіп қалған ұсақ малдар да бар. Олардың нақты саны анықталуда. Оқиға орнында арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде», – делінген хабарламада.