Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев: Биліктегі әйелдердің санын арттыру керек

Тоқаев: Биліктегі әйелдердің санын арттыру керек

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесін арттыру туралы айтты.
"Мемлекет қатысатын мемлекеттік компанияларды басқарудағы әйелдердің үлесі әлі де болса төмен - 5-7 пайыз. Бұл жағдай мемлекет халқының жартысынан көбін құрайтын әйелдердің әлеуетін толық іске асыруға мүмкіндік бермейді", - деді мемлекет басшысы Ұлттық сенім кеңесінің төртінші отырысында.
Президент кеңес мүшелері мемлекет қатысатын компаниялардың басқару органдарында әйелдердің үлесін 30 пайызға дейін ұлғайту туралы міндетті норманы енгізу қажеттілігі туралы пысықтап, ұсыныстар жасағанын айтты.
"Біз бұл бастаманы кезең-кезеңімен жүзеге асыру туралы ойлануымыз керек деп санаймын. Бұл бизнес саласын әйелдер үшін тартымды етеді және мамандандырылған халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позициясын көтереді", - деді Президент.

stan.kz

22 қазан 2020 ж. 412 0