Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхтар Ниязов: Туымызды қорлағысы келгендер ниетінен тапсын (ВИДЕО)

Мұхтар Ниязов: Туымызды қорлағысы келгендер ниетінен тапсын (ВИДЕО)

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде «Мен туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим флагом» хештегімен жаңа акция бастады. Акция аясында ел тұрғындары Мемлекеттік тудың аясындағы фотосуреттерін жариялауда.
Сонымен қатар әлеуметтік желілерде байрағымызға қатысты жазбалар көбейді. Атап айтар болсақ, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов «Facebook» парақшасында «Туымызды қорлағысы келгендер ниетінен тапсын» деп жазады.
«Барлық елдің аспаны көк, барлық елдің аспанында күн бар, көк аспан мен күн бар жерде еркіндіктің символындай болған қыран құс бар. Әлем көзін ашып көкке қараса, қазақтың көкжиекке дейін көмкеріп тұрған байрағын көреді. «Иттің құсығы өзіне тәтті» деген, біздің Туымызды қорлағысы келгендер ниетінен тапсын. Бұл сұмдықты санасы сау, ешбір өркениетті, мәдениетті елдер қолдамайды деп ойлаймын. Біздің Туымызды көргісі келгендер әлдекімнің аяғына емес, аспанға қарасын. Біз биіктеміз! Иттің дауысы аспанға жетпейді. «Шайтанмен оның атын атамай-ақ күресуге болады» деп А.Сүлейменов айтпақшы, босқа біреудің жарнамасын жасамай, өз Туымызды асқақтатып, өз бірлігімізді бекемдейік! #Мен де Туыммен мақтанамын«, – дейді ақын.
Акция барысында көк байраққа өлең-жыр арнап, арнайы бейнежазба даярлағандар да бар.


23 қазан 2020 ж. 395 0