Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰБТ-ға телефонмен келгендер аудиториядан шығарылады – министр

ҰБТ-ға телефонмен келгендер аудиториядан шығарылады – министр

Бүгін еліміз бойынша ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов тілшілерге телефонмен келгендер аудиториядан шығарылатынын айтты.

«Телефонмен келгендер аудиториядан шығарылады. Өйткені, ең бастысы әділдік болуы керек. Біз балаларға: «Шпаргалка», ұялы телефон алып келсеңдер, онда ең алдымен оны қалай алып кіремін деп қобалжисыңдар. Оны қайда жасыратыныңды ойлап, маза кетеді. Оны аудиторияға алып кіргеннен кейін сыртқа қалай алып шығам деп әлек боласыңдар. Ал бұл тест тапсыруға үлкен кедергі келтіреді» деп айттық. Сондықтан дұрыстап дайындалып келу керек. Емтиханның алдында тынығып, серуендеп алып, кішкене сабыр сақтау қажет. Өйткені 11 жыл оқығанды бір күннің ішінде жаттап алу мүмкін емес», - деді  Асхат Аймағамбетов.
Айта кетейік, ҰБТ-ға барлығы 117 242 адам қатысады, оның 96 мыңнан астамы биыл мектеп бітірген түлектер. Мемлекет бакалаврға - 53758 мың грант, магистратураға - 13 мың грант, докторантураға 2312 грант бөліп отыр.
Жалпы бүгін Қазақстан бойынша 13 мың түлек ҰБТ тапсырып жатқаны туралы айтқанбыз. Түлектер арасында ҰБТ-ға телефон алып келгендер аз емес екені анықталды.
20 маусым 2019 ж. 895 0