Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Шпаргалкаға емес, өздеріңізге сеніңіздер": Министр ҰБТ тапсырушыларға кеңес берді

"Шпаргалкаға емес, өздеріңізге сеніңіздер": Министр ҰБТ тапсырушыларға кеңес берді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ тапсыратын талапкерлерге шпаргалкаға емес, өз білімдеріне сенуге кеңес берді,

«ҰБТ - бұл өте маңызды емтихан. Ең бастысы - күйзеліп, уайымдамау қажет. Сіздер дайындалдыңыздар, көпшілігіңіз тестілеуден өттіңіздер. Мектепте сіздерге қажетті білімді берді, сол себепті жақсы ұйықтап, емтиханға алаңдамай көңілді басқа жаққа аудару керек», - деді Аймағамбетов. 
Ол шпаргалка, мобильді телефон және басқа да құрылғыға сенім артудың қажеті жоқ екенін атап өтті.
«Өз-өздеріңізге сеніңіздер. Тестілеумен емес, бағдарламалық материал бойынша дайындалу маңызды», - деді ол. 
Министр осыған дейін ҰБТ нәтижесі бойынша мектептер арасында рейтинг жасамауды өтінген болатын. Ол өз сөзінде мектептерге қандай да бір баға беріп, рейтинг әзірлеудің еш қажеті жоқ деп, басқа индикаторларды негізге ала отырып мектепті бағалайтынын айтты.
http://stan.kz
18 маусым 2019 ж. 806 0