Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 85 жастағы кейуана Қазақстандағы ең тәртіпті жүргізуші болып шықты

85 жастағы кейуана Қазақстандағы ең тәртіпті жүргізуші болып шықты

Қазақстандағы ең тәртіпті жүргізуші Жамбыл облысының тұрғыны болды. Лидия Сидоренко - 85 жаста, оның 60-тан астам жылын көлік жүргізумен өткізген. Осы уақыт ішінде ол жол қозғалысы ережелерін бұзбаған. Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, Лидия Сидоренконың 4 көлігі болған: "Москвич", "Шестерка" және "Волга". Қазір "Волга" маркалы автокөлік айдап жүр. Автокөлікті үлгілі жүргізгені үшін Лидия облыстың бас полиция қызметкерінің алғыс хатымен марапатталды. Автокөлік әуесқойы үшін арнайы ретро-машиналардың көрмесі де ұйымдастырылды. 
"Заңдарыңыз бен жол ережелерін сақтағаныңыз үшін сізге ризашылығымызды білдіреміз. Сізге зор денсаулық, жаңа табыстар, жаңа жетістіктер тілейміз. Сіздің темір машинаңыз, темір досыңыз істен шықпасын", - деді Жамбыл облысы ПД бастығы Жанат Сүлейменов.
27 қазан 2020 ж. 346 0