Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдықтан айнымаған абзал

Адалдықтан айнымаған абзал

         Сыбайлас жемқорлық әлемдегі ең күрделі мәселелердің бірі. Содан болар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресудің әртүрлі тәсілі мен жолы бар. Жемқорлыққа қарсы ең қатал жаза қазіргі Қытай елінде қолданылады. 1980 жылдардың басында қатаң экономикалық қылмыс жасағандар үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату бабы» күрт көбейді. Қазір Қытайда сыбайлас жемқорлық үшін өмірлік сотталу немесе өлім жазасы қолданылады. Ал Оңтүстік Кореяда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға анықталған сомадан пайыздық ақы төленеді. «Табысты хабарлаушылардың» көпшілігі – заң бұзушылардың әріптестері. Жаңазеландиялық үлгі мемлекеттік органдар қызметкерлері еңбекақысының жоғарылығымен сипатталады. Онда бонустар мен мадақтау жүйесі кең қолданылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің тағы бір тиімді жолы – сингапурлық жүйе. Бүгінгі күні Сингапурде қылмыс үшін жазалағаннан, ең дұрысы оның алдын алу принципі бойынша әрекет етеді. Бұл елдерде сыбайлас жемқорлыққа айыпталушыға кінәсіздік презумпциясының принципі қолданылмайды, ол өзінің кіріс көздерін түсіндіруге міндетті.
         Бұдан бұрын жемқорлықпен күресудің жеті жолын атаған Президент биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күрестің барынша жүйелі сипат алғандығын және жемқорлықтың пайда болу себептеріне көбірек назар аударылып, алдын алу жұмыстары жүргізілуде екендігін айтты. Сондай-ақ жемқорлыққа апаратын факторларды анықтау үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың нормативтік актілері мен жұмыс үдерісіне жемқорлыққа қарсы үдеріс тұрғысынан арнайы талдау жүргізу керектігіне де тоқталды.
Ә.Меңдібаева,
Арал ауданаралық әділет басқармасының бас маманы,
Қазақстан Заңгерлер одағының мүшесі
30 қазан 2020 ж. 416 0