Коронавирустан болатын өлімнің нақты деңгейі анықталды
Табысы жоғары елдерде COVID-19 өлімінің нақты деңгейі бір пайызды құрайды, дегенмен, табысы аз және жас елдерде одан да төмен. Лондон Императорлық колледжінің мамандары осындай қорытындыға келді. Бұл туралы оқу орнының сайтында жарияланған зерттеушілердің есебінде көрсетілген.
Ғалымдар жұқтырғандар санынан көз жұмғандардың үлесін көрсететін өлім-жітім коэффициентін (IFR) дәл есептеу үшін 175 ғылыми жұмыс пен 10 антиденелер сынағын талдады. Жаңа зерттеу пандемияның алғашқы кезеңдерінде алынған мәліметтерге негізделген алдыңғы бағалауларға қатысты бірқатар қателіктерді анықтап берді.
Сарапшылар сонымен қатар серорерверсияны (антиденелер санының азаюы, яғни аурудың алғашқы сатысында адамдарда болатын коронавирустың сынақ нәтижесінің теріс болуы) ескерді. Серореверсия IFR-дің шамадан тыс бағалануына әкелуі мүмкін, өйткені бұл жағдайда жұқтырғандардың нақты саны тестілеу көрсеткеннен көп болады.
Табысы жоғары елдерде өлім деңгейі 1,15 пайызды, ал кедей елдерде 0,23 пайызды құрайды. IFR қартайған сайын өседі және коронавирустың өлім қаупі әр сегіз жыл сайын жас ұлғаюымен екі есе артады. 40 жастан кіші пациенттерде коэффициент шамамен 0,1 пайызға жетеді, ал 80 жастан асқан адамдарда бес пайызға немесе одан да көп болады.
stan.kz