Мамин әкімдерге 1 ай уақыт берді
Бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Асқар Мамин бір ай ішінде барлық өңірде газ-техникалық инспекцияны құруды тапсырды.
Ол жауапты ведомстволар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндіру шараларын күшейтуі керектігін атап өтті.Өрт негізінен электр жабдықтары мен пеш жүйесін дұрыс пайдаланбау салдарынан шығады. Өңірлердің әкімдері осы мәселені ерекше бақылауға алып, тиісті шаралар қабылдасын. «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңға сәйкес әкімдіктер газ-техникалық инспекция құрып, бүкіл газ жабдығын тексеріп тұруы қажет. Алайда бұл жұмыс астанада, Алматыда, Ақмола облысы мен Қостанай облысында ғана орындалды. Басқа барлық өңірлердің әкімдіктеріне бір ай ішінде газ-техникалық инспекция құрып, тиісті бақылауды қамтамасыз етуді тапсырамын, - дейді Асқар Мамин.
Ол ішкі істер министрлігіне тұрғын үй секторында рейдтер жүргізуді тапсырды.Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, жылу беру маусымында өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейтсін. Ақпарат министрлігі жәрдем көрсетсін,- деді үкімет басшысы.
Бек ТӨЛЕУОВӘлеуметтік нысандарда орналасқан қазандықтардың жұмысын ерекше бақылауға алып, оларды ғимараттан шығару мәселесін жылдамдатып шешу керек. Өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде өрт бекеттерін құру жұмысын жалғастыру қажет, - деді Мамин.
baq.kz