Өмірзақ Шөкеев Қызылорда облысына қауіп төніп тұрғанын айтты
Шардара су қоймасының мәселесі шешілмесе, Түркістан мен Қызылорда облыстарында 260 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендерді су басуы мүмкін. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыс әкімі үкімет назарын Шардара су қоймасының проблемасына аударды.
Айтуынша, Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының сыйымдылығы – 5 миллиард 200 миллион текше метр. Су қоймасы Арнасай су торабын қоса есептегенде, секундына 2 570 текше метр су тастай алады.
kyzylorda-news.kzОблыс әкімі үкімет назарын Шардара су қоймасының проблемасына аударды.
Айтуынша, Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының сыйымдылығы – 5 миллиард 200 миллион текше метр. Су қоймасы Арнасай су торабын қоса есептегенде, секундына 2 570 текше метр су тастай алады.
Айтуынша, бұл мәселе 5-6 жыл бойы көтеріліп келеді, бірақ әлі шешімін таппаған.«Бірақ 1969 жылы өтімі секундына 4210 текше метр су келіп, апатты жағдай болған. Міне, қазір елу жылдан асты. Мұндай апаттар елу жылдың көлемінде болып тұрады. Сондықтан осындай жағдай қайталанса, Шардара, Отырар аудандары, Арыс қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы елді мекендері, яғни Түркістан облысында тұратын 60 мыңнан астам тұрғыны бар және Қызылорда облысында 200 мыңнан аса адам тұратын елді мекендерді су басып қалу қаупі бар», – деді Шөкеев сенаттағы үкімет сағатында.
Ол техникалық-экономикалық негіздеме дайын екенін атап өтті.«Министрлік, үкімет осыған назар аударса дейміз. Сондықтан шұғыл түрде Шардара ауданында Шардара су қоймасының оң жақ жағалауынан өтімі секундына 1500 текше метр болатын апатты су қашыртқы салу өте қажет. Бұл кезек күттірмейтін мәселе екі облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін», – деді облыс басшысы.