Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Маска ки»: Марат Омаров коронавирус туралы тағы бір ән шығарды

«Маска ки»: Марат Омаров коронавирус туралы тағы бір ән шығарды

Отандық эстрада жұлдызы Марат Омаров тағы да қызу талқыға қалды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері коронавирус жайлы жаңа ән шығарды. Қауіпты індетке «кет» деп өлең шырқаған әнші бұл жолы маска киіп, санитарлық нормаларды сақтауға шақырды.
Марат Омаров «Маска ки» атты әнінің тұсаукесерін Instagram желісіндегі парақшасында жасады. Ол жаңа туындысында бетперде тағып, карантин талаптарын орындау тақырыбын көтерді. Өнер иесі су жаңа өлеңін орындап жатқан видеосын жариялап, елді таңғалдырды, Бейнежазбадан оның қасында бір топ жастардың ән айтып жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары Марат Омаровтың өлеңін бірден қызу талқыға салды. Олар әншінің шығармашылығына қатысты пікірлерін жаудырып, оған қатысты өз ойын ортаға салған. Кейбірі оны қолдап жатса, тағы біреулер керісінше сынап тастады. «Маска киіп алып, өлең айтып, билеп жүреміз енді! Флешмоб болады ма? Ойбай жиналуға болмайды екен ғой. Айтпақшы АҚШ-тың Президенті Сізді шақырды ма «короновирус кет-кет-кет» әніңіз үшін?» , «Керемет» , «Жарайсыз ағасы» , «Осы да ән ба? Не істеп жүрсіз осы» , «Шығармайтындары жоқ», «Күшті ән, халықты қуантып жүре беріңіз. Көп жасаңыз» , – деп жазуда көпшілік.
kyzylorda-news.kz
07 қараша 2020 ж. 668 0