Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 8 қараша күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы Мурманск аймағынан жылжып келетін циклонға байланысты болады.
Соның әсерінен жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріледі.
Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысы антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.
kyzylorda-news.kz
		





		
		



