Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда жерінен 150 мың жауынгер Ұлы Отан соғысының майданына аттанды

Қызылорда жерінен 150 мың жауынгер Ұлы Отан соғысының майданына аттанды

Қызылорда жері де 150 мың ұлы мен қызын Ұлы Отан соғысы майданына аттандырды. 30 мыңнан астам қызылордалықтар майдан даласында ерлікпен қаза тапты.
Соғыстың алғашқы күндерінен бастап Қазақстан аумағында әскери бөлімдер мен бөлімшелерді қалыптастыру басталды. 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, түрлі әскери құрылымдардың 50-ге жуық жеке полкі мен батальоны құрылды.
Олардың қатарында Мәскеу мен Сталинград түбінде ерлікпен шайқасқан Қазалы 35-ші атқыштар теңіз бригадасы бар. Қызылорда облысында әскерге шақырылушылардан ақтөбелік 101-ші атқыштар бригадасы құрылды. Олар Ржев, Великие Лукиде шайқасты.
Алматыдағы жаяу әскер әскери училищесінде оқыған 250 қызылордалық Ленинград блокадасының жарылуына қатысты.
Қызылорда жері 22 Кеңес Одағының Батырын, 1 Даңқ орденінің толық кавалерін шығарды, 20 мыңнан астам қызылордалық орден және медальдармен марапатталды.
Өкінішке қарай, соғыс ардагерлерінің саны күн сайын азайып келеді. 2020 жылдың мамыр айында Қызылорда облысында олардың саны 16-ға жетті, бүгінде олардың тек 11-і ғана қалды.
Әйелдер, қарттар, балалар күн сайын тылда еңбек етіп, соғыстағы сарбаздардың ерлігінен еш кем түспейтін өшпес ерліккөрсетті. Осы сұрапыл жылдары облыстың астық алқаптарында 14 мыңнан астам әйел еңбек етті, 266 ұжымшар, 359 өндірістік кәсіпорын, облысымыздың мекемелері мен ұйымдары ұрыс алаңында соғысқан жауынгерлерді қолдауға белсенді қатысты.
Мереке қарсаңында өңірдің 16 соғыс ардагеріне 1 млн. 111 теңгеден төлеу туралы шешім қабылданды. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген 4 319 азаматқа жалпы сомасы 437 млн.теңгеге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.
Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты Ұлы Отан соғысының 753қатысушысы мен мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден біржолғы төлем жүргізілді.
Біздің парызымыз – қаза тапқан бірде-бір сарбазды естен шығармай, арамыздағы Ұлы Отан соғысындағы, еңбек майданы мен соғыс ардагерлеріне көрсеткен ерліктері үшін алғысымызды айтып отыру.
kyzylorda-news.kz
09 қараша 2020 ж. 822 0