Норвегияны фашистерден азат етуге қатысқан 66 қазақстандықтың есімі белгілі болды

Олар бірнеше атқыштар дивизиясының және 69, 72-теңіз атқыштар бригадасының құрамында соғысып, Петсамо-Киркенес операциясында ажал құшқан. Сондай-ақ дипломаттар Солтүстік флоттағы шайқас кезінде ерлікпен қаза тапқан 10 қазақстандық теңіз жаяу әскері, жойғыш-ұшқыштың жерленген жерін тапты. Жалпы, Норвегияны фашистерден қорғау кезінде 13 мың Кеңес жауынгері мерт болған. Ослодағы зиратта батырлардың құрметіне арнайы ескерткіш қойылған. Сол ескерткішке көппен бірге Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Еркін Ахынжанов та гүл шоқтарын қойып, батырлардың рухына тағзым етті. Елшілік ұжымы Норвегиядағы шайқаста, тұтқындар лагерінде қаза болған жерлестеріміздің есімін анықтау жұмыстарын жалғастыра бермек.