Ақтөбеліктер лаңкестік шабуыл кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды

"Бейбіт күні қылмыскерлердің қолынан полиция, әскери қызметкерлермен бірге тұрғындар да қаза тапты. Қылмыскерлердің арамза ойларын орындауға құқық қорғау органдарының жедел шаралары мүмкіндік берген жоқ. Халықтың тыныштығын қорғау жолында 66/55 әскери бөлімінің сарбаздары Майор Даниель Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев, қатардағы жауынгер Досбол Сапардың қазалары орны толмас өкініш. Аталған азаматтардың жанкештілікпен жасаған әрекеттері лайықты бағасын алып, тәуелсіз Қазақстанның ерліктер жылнамасында жазылып қалды. Бұл оқиға барлығымыз үшін үлкен сабақ болып, қоғамға енген дертпен тек мемлекеттік органдар ғана емес, жалпы қоғам болып күресуіміз қажет", - деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.