Есірткісіз өмір ғажайып
«Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін жағымсыз әрекет-ол нашақорлық» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде айтқан болатын.Сондықтан басқа елдермен тереземізді теңестіреміз,алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек, салауатты өмір салты дағдысы қалыптаcқан, жан дүниесі таза,адамгершілігі мол,білімді азамат пен азаматша болып ержетуіміз керек.Баспасөз мәлеметтеріне сүйенсем,Қазақстанда нашақорлықпен ауратын адамдардың саны көбейіп,есірткілерді тұтыну артып отыр екен. Елімізде 55 мыңнан астам адам нашақорлар санатына жатады.Дүние жүзін жайлаған бұл нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады.Осы нашақорлық салдарынан мүгедек,аурушаң балалар өмірге келіп жатыр.Негізгі мәселе санында емес,жасында болып тұр.Бұл есірткіге көбінесе жастар әуестенуде.Өз пайдасын ойлаған аға-әпкелеріміз қаншама жастарды тура жолдан тайдырып отыр.Есірткіден құтылу өте қиын.Сондықтанда одан алшақ жүргеніміз абзал.
Болашағымыз нұрлы еліміздің ертеңі жарқын болсын десек,біз жастар ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін,нашақорлықтан бойымызды аулақ ұстап,қоғамымыздың бұл түнектен арылудың жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Құлманова Әсел Әбілбекқызы
Қызылорда облысы, Арал қаласы
Н.К.Крупская атындағы № 14 мектеп-лицей