Есірткісіз өмір ғажайып
Қызылорда ОПДЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Өмір бізге берілген үлкен сый. Сол сыйдың қадірін кетірмей жақсылық толы қылып өткізу өзіміздің қолымызда. Әлемдегі адамдардың іс-әрекетіне көз салсақ, құндылықтың қадірілілігін бағаламай, сан соқпақ жолда адасып жүрген жандарды байқаймыз. Өмірінде орын алған өтпелі сынақтарда сағы сынып, ішіндегі алай-дүлейді ішімдік немесе темекі,есірткі секілді зиянды заттарды тұтыну арқылы басам деген қате оймен, бір сәттік рахаттың дәмін көріп байланып қалған жандар қаншама. Ұлы ақынымыз Мұқағалидың мына өлең жолдары сөздеріме дәлел болатындай:
Сүрініп кетпе, сүрініп кетсең болғаны
Дей бергін, достым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы
Аңдамай кейде сүрініп кетсе болғаны.
Шындығына келсек, қандай қателікке де адам баласы өзі кінәлі.
Қазіргі таңда нашақорлық елімізде үлкен деңгейде белең алып отыр. Әсіресе, тұтынушылардың басым деңгейі жастарды құрайды. Олардың еліктегіш, әрі аңқаулығын пайдаланып есірткінің құрығына түсіріп, тәуелді етіп қояды. Сонымен қатар бір пайдаланып дәмін татқан жанның бірнеше рет тұтынып , тәуелділігінің кесірінен айналасындағы барлық құбылыстарды қара тұмандай елестетіп, бар ғажайып есірткіде деп түсінетіндей. Ал сондай жандардың биіктіктен үлкен жылдамдықпен төменге құлдырай жөнелген заттай құрдымға кетіп бара жатқанын айналасындағы адамдар байқайды. Көмек қолын созғысы келген жандардың сөзіне құлақ асатындары 1-2 пайыз ғана.Егер құлақ асар болса, есірткінің құрығына түсе тұра көмек қолын созар жандар арқылы әлемнің ғажайыптылығына тағы бір мәрте куә болып, қайтадан сау адам қатарына қосылуына мүмкіндік болады.
#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауынаӨмір бізге берілген үлкен сый. Сол сыйдың қадірін кетірмей жақсылық толы қылып өткізу өзіміздің қолымызда. Әлемдегі адамдардың іс-әрекетіне көз салсақ, құндылықтың қадірілілігін бағаламай, сан соқпақ жолда адасып жүрген жандарды байқаймыз. Өмірінде орын алған өтпелі сынақтарда сағы сынып, ішіндегі алай-дүлейді ішімдік немесе темекі,есірткі секілді зиянды заттарды тұтыну арқылы басам деген қате оймен, бір сәттік рахаттың дәмін көріп байланып қалған жандар қаншама. Ұлы ақынымыз Мұқағалидың мына өлең жолдары сөздеріме дәлел болатындай:
Сүрініп кетпе, сүрініп кетсең болғаны
Дей бергін, достым, басыңа қырсық орнады.
Адам дегеннің аяқ астынан сорлауы
Аңдамай кейде сүрініп кетсе болғаны.
Шындығына келсек, қандай қателікке де адам баласы өзі кінәлі.
Қазіргі таңда нашақорлық елімізде үлкен деңгейде белең алып отыр. Әсіресе, тұтынушылардың басым деңгейі жастарды құрайды. Олардың еліктегіш, әрі аңқаулығын пайдаланып есірткінің құрығына түсіріп, тәуелді етіп қояды. Сонымен қатар бір пайдаланып дәмін татқан жанның бірнеше рет тұтынып , тәуелділігінің кесірінен айналасындағы барлық құбылыстарды қара тұмандай елестетіп, бар ғажайып есірткіде деп түсінетіндей. Ал сондай жандардың биіктіктен үлкен жылдамдықпен төменге құлдырай жөнелген заттай құрдымға кетіп бара жатқанын айналасындағы адамдар байқайды. Көмек қолын созғысы келген жандардың сөзіне құлақ асатындары 1-2 пайыз ғана.Егер құлақ асар болса, есірткінің құрығына түсе тұра көмек қолын созар жандар арқылы әлемнің ғажайыптылығына тағы бір мәрте куә болып, қайтадан сау адам қатарына қосылуына мүмкіндік болады.
Аралбаева Диана Салауатқызы
Қызылорда облысы
Арал қаласы
Ж.Әбдірашев атындағы
№62 мектеп-лицейі