Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бетперде бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

Бетперде бағасы қайта қымбаттауы мүмкін

Бетперде бағасы қайта қымбаттауы мүмкін Қазақстандағы бетперделердің құны қайта қымбаттауы мүмкін. Бағаның құбылуына қорғаныш құралын әзірлеуге қажетті импорттық шикізаттың құны тікелей әсер етеді. Жуырда ғана медицицналық бетперденің бір данасын 20-30 теңгеге төмендеткен билік, енді отандық өнім өндірушілердің жағдайына алаңдап отыр.

Нұрлыбек Асылбеков, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары: - Әрине, бетперде бағасына келгенде мәселені жан-жақты қарастырамыз. Мәселен, шетелден әкелінетін шикізаттың, яғни сүзгіш маталардың құны да қаперге алынады. Сондықтан, отандық кәсіпорындардың ақсап қалмауы да маңызды. Естеріңізге сала кетейік, жуырда ғана бетперделердің бағасы 20-30 теңгеге дейін төмендеген. Ол үшін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі кәсіпкерлермен мәмілеге келдік деген болатын.
Оның үстіне, дәріханалар шетелдік немесе қазақстандық бетперденің құнын бірдей арзандатуға міндеттелді. Ал Денсаулық сақтау министрлігін отандық өнім өндірушілердің жағдайы алаңдатып отыр екен. Соған қарағанда, баға қайта көтерілуі әбден мүмкін. Айта кету керек, коронавирус белең алғалы Қазақстанда қорғаныш құралдарын өндірумен айналысатын компаниялардың қатары 6-дан 15-ке жеткен.
ktk.kz
11 қараша 2020 ж. 419 0