Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ПТР тестің бағасы арзандады

Қазақстанда ПТР тестің бағасы арзандады

Зертхана басшылығы монополияға қарсы органның ұсынысын қабыл алып, жағдайды тиімді реттеуге келіскенҚазақстанда INVIVO зертханалық желісі мен "Олимп" медициналық орталығында ПТР тестілеудің бағасы 9 мың теңгеге дейін арзандады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен клиникалық диагностикалық зертханалар тиісті актіге қол қойды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
"INVIVO зертханалық желісі мен "Олимп" медициналық орталығында ПТР тестілеу бағасы 9 мың теңгеге дейін төмендетілді. Бұл бастама карантин кезіндегі әлеуметтік жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді", – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде INVIVO зертханалық желісінің ресми сайтында коронавирусқа арналған ПТР тестің бағасы 9 мың теңге тұртыны көрсетілген. Ал "Олимп" сайтында баға әлі жаңартылмаған. Яғни, соңғы рет 13 қазанда төмендетілген баға – 12 320 теңге өзгеріссіз қалған.
Айта кетейік, сәуір айында жеке клиникалардағы ПТР тестілеу құны 20 000 теңге болған.

Президент бағаны төмендетуді тапсырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айының басында коронавирусты тестілеу құнын төмендетуді тапсырған.
Сол күні кешке денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Бағдат Қожахметов бұл тапсырма денсаулық сақтау жүйесінің мүмкіндіктерінен тыс екенін айтты. Соған қарамастан, ол Қазақстанда ПТР бағасының төмендейтініне сенім білдірген.
Қазақстанның монополияға қарсы комитеті компанияларға ПТР бағасын 8000 теңгеге дейін төмендетуді ұсынды. Кейіннен агенттік төрағасы Серік Жұманғарин монополияға қарсы органдар ПТР сынақтарының бағаларына бақылау жасай бастады деп мәлімдеді. Сарапшылар талқылауында пікір білдірген ол:
"Бұл тергеу емес, жәй ғана үстірт бақылау", – деді.
Сонымен қатар, төраға монополияға қарсы комитеттің тергеуге дейін компаниялардың бухгалтерлік құжаттарына қолжетімділігі болмағанын атап өтті.
"Бұл тек бір ғана себеппен басталған жоқ және нарық субъектілерін жазалау ниетіміз де жоқ. Біз келісімге келіп, жағдайды жеңіл әрі тиімді реттеуді ұсынамыз. Бүгінгідей қиын кезеңде оларды банкроттыққа ұшыратпауға тырысамыз", – деді Жұмангарин.
19 қазан 2020 ж. 374 0