Петропавлда телефон зарядтайтын орындықтар пайда болды

Орындық емен ағашынан жасалып, күн батареясы орнатылған, үстінен аса берік органикалық әйнекпен жабылған екен, сол себепті батареяға жауын-шашын да, аяз да, қатты жел де әсер етпейді.
Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қалада төрт смарт-орындық орнатылыпты: екеуі – қалалық әкімдік алдында, екеуі – облыстық әкімдік алдында.
"Орындық USB-порт арқылы екі гаджетті зарядтауға болады. Сонымен қатар, тегін WI-FI функциясы бар", — деп мәлімет берді әкімдік.
Орындықты өндіруші — "Branch Bench" беларус фирмасы. Арнайы тапсырыспен жасалған, Қазақстанда басқа аналогы жоқ.
sputniknews.kz