Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Блок-бекет пен санитарлық бекеттің айырмашылығы неде?

Блок-бекет пен санитарлық бекеттің айырмашылығы неде?

Бұл туралы «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Азамат Садықов айтып берді.

Пандемия басталғалы бері блок-бекет пен санитарлық бекет деген сөз халықтың құлағына сіңісті болып кетті. Дегенмен бұл екеуі синоним емес, айырмашылығы бар. Қазан айының соңынан бері ел аймағында қойылып жатқан бекеттер санитарлық болып есептеледі.
Санитарлық бекет белгілі бір аймақта инфекция мен қауіпті ауру тараған кезде қойылады, яғни эпидемиологиялық қауіпсіздікпен байланысты. Тіпті бір облыстың шағын ауылының өзіне қойыла береді. Соңғы уақытта елде құс тұмауының таралуына байланысты ауылдардың маңына осындай посттар қойылып жатты. Оның негізгі мақсаты –аурудың таралып кетпеуін қамтамасыз ету. Алайда ол көбінесе шектеу шараларан көздейді. Демек, санитарлық дәрігерлердің қаулысы негізінде эпидемиологиялық жағдайды ушықтармайтын факторлар анықталап, кіріп-шығу рұқсат етіледі. Ал блок-бекет қойылғанда қоршауда қалған аймаққа мүлдем кіріп-шығуға тыйым салынады, қарулы күштер тартылады, - деп түсіндірді ол.
baq.kz​​​

11 қараша 2020 ж. 445 0