Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдағы санитарлық бекеттер әзірге алынбайды

Аралдағы санитарлық бекеттер әзірге алынбайды

Арал ауданындағы тосқауыл бекеттер жұмысын жалғастыра береді.
Қауіпті індеттің беті қайтпай тұрғандықтан, полицейлер мен санитарлық дәрігерлерден құралған топ 3 елді мекен тұсында қалдырылды. Қызылорда облысындағы басқа ауданаралық бекеттер алынды. Қазіргі таңда жұқпалы індетке шалдыққан аралдықтар саны 48-ге жетті. 114 науқас карантинде жатыр. 144 адам үй жағдайында бақылауға алынған. Ауданның бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес демалыс орындарының ашылуына рұқсат жоқ.
«Арал қаласында 3, сонымен қатар Сексеуіл кентінде, Қамыстыбас елді мекенінде блок-бекеттер қызмет атқаруда. Күніне блок-посттардан шамамен 100-150 автокөлік кіріп-шығып жатыр. Осы блок-посттарды біз пайдаланып, қылмыстың алдын алу, бақылау, әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алуда жеке құрам күшетйілген тәртіппен қызмет атқаруда»,- дейді Арал аудандық полиция бөлімінің бастығы Әміржан Өтегенов.
05 маусым 2020 ж. 872 0