АРАЛ ҚАЛАСЫ МЕН СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ ТОСҚАУЫЛ БЕКЕТТЕРІ САҚТАЛАДЫ

Осы орайда, қалыптасқан жағдайды ескере келе Арал ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 31.05.2020 жылғы №9 қаулысы қабылданды. Жаңа қаулыға сәйкес індеттің таралуын тежеу мақсатында Арал қаласы мен ауданға қарасты Сексеуіл кентіндегі тосқауыл бекеттерінің жұмыстары жалғасатын болды. Сонымен қатар, аталған екі аумақта да карантиндік шектеулер енгізілді. Ескеру керек, карантин талаптарын сақтамағандарға қатаң шаралар қабылданатын болады.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.