Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КОРОНАВИРУС: АУДАН БАСШЫСЫ СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ БОЛДЫ

КОРОНАВИРУС: АУДАН БАСШЫСЫ СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕ БОЛДЫ

Эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Арал қаласында және Сексеуіл кентінде карантин режимі күшейтілді. Себебі, коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайлары осы өңірлерде тіркеліп отыр.
Осыған сәйкес, таяуда аудан әкімі М.Оразбаев коронавирустық инфекция бойынша құрылған штаб мүшелерімен Сексеуіл кентінде болып, барлық мекеме басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудан бойынша күрделі ахуал қалыптасып отрырғандығын айтып, індет ошағына айналған кентте күшейтілген шараларды жүзеге асыру бағытында жұмыла кірісу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, кенттегі емханаға да барған аудан басшысы медицина қызметкерлеріне ауданның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қабылданған қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыс жасау керектігін қатаң ескертті. Бұдан бөлек, кент әкіміне және барлық мекеме басшыларына тұрғындар арасында жаппай түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тосқауыл бекеттерінің жұмысын жандандыру , әрбір қоғамдық нысандарда дүркін-дүркін залалсыздандыру шараларын ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, кенттегі мектеп директорларына бітіруші түлектерге аттестат тапсыру шарасын қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүзеге асыру керектігін ескертті.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
01 маусым 2020 ж. 1 708 0