Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 11 учаскені қар басып қалуы мүмкін

Қызылордада 11 учаскені қар басып қалуы мүмкін

Аймақта республикалық және облыстық маңызы бар автожолында қар басып қалуы мүмкін 11 учаске бар. Жалпы ұзындығы 12 шақырым 900 метрді құрайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық ТЖД бастығы Бағдат Данилов мәлімдеді.
Республикалық маңызы бар «Кызылорда-Павлодар-Успенко» автожолында 8 учаске бар, жалпы ұзындығы 4 шақырым 900 метрді құрайды. Қар басып қалатын учаскелер автожолдың 97 және 212 шақырымының аралығында. Ал облыстық маңызы бар автожолда 3 учаске бар, жалпы ұзындығы 8 шақырымды құрайды. Атап айтсақ, Қазалы ауданында Жанқожа батыр мен Бекарыстан би, Жалантөс пен Пірімов ауылдарының арасы. Арал ауданында Аманөткел мен Бөген ауылының аралығы.
«Қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды жоюға облыстық Азаматтық қорғау қызметтінен 1324 адам және 383 бірлік әр түрлі техникалар дайындалды. Ал төтенше жағдайлар департаменті бойынша – 194 жеке құрам, 21 бірлік техника сақадай сай тұр. Жақында «Самара-Шымкент» автожолының бойында орналасқан 4 жол пайдалану бөлімшелерінің дайындығы тексерілді», – деді облыстық ТЖД бастығы Бағдат Данилов.
Жол пайдалану бөлімшелерінде автогрейдер, трактор (МТЗ, К-700), бульдозер секілді 62 техника бар.
kyzylorda-news.kz
14 қараша 2020 ж. 297 0