Тұз — иммунитетті әлсіретеді

Тұзы қалыпты нормада қоректенген тышқандарға қарағанда, тұзы шамадан артық берілген тышқандар тобы, бактериялық инфекцияларға көбірек шалдыққандығы байқалған. Содан кейін өз еркімен келіскен адамдарға жасалған зерттеу барысында, ғалымдар бір аптадан кейін-ақ олардың иммундық жасушалары бактериялық инфекциялармен күресуде осалдық таныта бастағанын анықтаған. Зерттеуге қатысқан адамдар күндік нормаларына 6 гр қосымша тұз қолданған болатын. Айта кететіні ДДСҰ-ының ұсынысы бойынша тұздың күндік нормасы 5 грамнан аспағаны абзал.
bilim-all.kz