Адамға қыста қандай витамин қажет?

Адам бұл витаминді көбіне Күннен алатындықтан, қыста оны тағамнан алуға тура келеді. D дәрумені жетіспесе, адамның ұйқысы бұзылып, депрессияға түсуі мүмкін. Мұның бәрі жүйке жүйесіне салмақ түсіреді. Мұндай жағдайда D дәруменінің орнын баса алатын B6 витамині мен магнийдің қосындысын тұтынуға болады.
Дәрігердің айтуынша, адам қыста да жеміс-жидек пен көкөніс көп жеуі керек немесе оның орнына тұздалған орамжапырақ жеуге болады. Оның құрамында С дәрумені мол әрі ішекке пайдалы бактериялар бар.
"Қыста иммунитетті көтеру үшін ақуызы мол тағамдарды жиі жеген жөн. Тамақ рационына ет, балық, жұмыртқа, сүт қосыңыз", - дейді дәрігер.