Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыздарға автоматты түрде әлеуметтік төлем тағайындалады - Нұрымбетов

Жұмыссыздарға автоматты түрде әлеуметтік төлем тағайындалады - Нұрымбетов

Жұмыс іздеп жүрген адам бос жұмыс орындарын электронды ақпараттық жүйе арқылы табады. Бұл туралы үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.
– Жұмыспен қамту саласында электронды еңбек биржасының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану көзделеді. Бүгінгі таңда жұмыс іздеп жүрген адам жұмыспен қамту орталығына барып, кезекке тұрып, тиісті жұмыс таңдау үшін орталық қызметкерімен байланыс жасауға мәжбүр. Ендігі кезде барлық жұмыспен қамту шаралары, құралдары, бос жұмыс орындары электронды еңбек биржасында қалыптасады. Портал жұмыс іздеп жүрген адамға дағдыларына сәйкес автоматты түрде бос жұмыс орындарын, "Еңбек" бағдарламасы құралдарын ұсынатын болады. Шешімді ақпараттық жүйе қабылдайды, – деді министр.
Министр жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйенің атқаратын қызметін де атап айтты.
– Жұмыс табылмаған жағдайда ақпараттық жүйе автоматты түрде адамды жұмыссыз ретінде тіркейді. Оған жұмыссыздыққа байланысты тиісті әлеуметтік төлемді проактивті түрде есептеп, тағайындайды. Осылайша бірнеше қызметті біріктіріп, бизнес процесін жеңілдетіп жатырмыз. Біз цифрлық жұмыспен қамту орталықтарына көшу жолындамыз, – деді Нұрымбетов.
qamshy.kz
17 қараша 2020 ж. 445 0