Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды еңбек биржасы ашықтық пен  тиімділікті қамтамасыз етеді

Электронды еңбек биржасы ашықтық пен  тиімділікті қамтамасыз етеді

Технологияның дамыған заманында кез келген салаға электронды жүйе енгізіліп жатқаны белгілі. Қазіргі таңда бұл жүйе қоғамдағы басты мәселе жұмыссыздыққа байланысты жұмыс жүргізетін мекемелерде де қолға алынған. Өз кезегінде электорынды жүйе тиімділігімен нәтижесін беруде. Яғни, электронды еңбек биржасының енгізілуі жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілер арасындағы байланысты біршама жеңілдете түскен. Қазіргі таңда ауданда осы жүйеге толықтай көшу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Жыл басталғалы элетронды жүйе арқылы жұмыс жасаудың нәтижесінде жұмыс беруші мен жұмыс іздеуші аразындағы уағдаластықтар мен байланыстар уақыт жағынан тиімділігін көрсетуде. Бұл туралы Арал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Алдашевпен тілдесу барысында білдік.
Жұмыспен қамту орталығы маманының айтуынша 2018 жылдың басынан бергі 10 айдың қорытындысымен жалпы аудан бойынша жұмыспен қамтылғандардың саны 1509 адамды құраса, оның 613-і осы электронды еңбек биржасы арқылы өз жұмыстарына орналасқан. Осы жүйенің толыққанды қолға алынып келе жатқандығының нәтижесінде жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығының көмегінсіз-ақ «enbek.kz» порталына кіру арқылы өзіне қажетті кадрды таңдап немесе өздеріне қажетті маманға байланысты ұсыныстарына қалдыруда. Қазіргі уақытта аудандағы барлық мекемелер мен жұмыс беруші орындар, тіпті жеке кәсіпкерлердің өзі осы жүйенің тиімділігін сезініп, пайдалануда.
Жалпы, жұмыс іздеушілер порталға тегін тіркеледі. Сайттан еліміздің кез келген өңіріндегі, қаласындағы бос жұмыс орнын көруге болады. Бұрынырақ айлап іздейтін жұмыс орнын қазіргі уақытта аздаған уақыт ішінде табуға мол мүмкіншілік туып отыр,-дейді Арал аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ж.Алдашев.
Иә, халықты жұмыспен қамту орталығындағы осы сынды оңтайландырылған жүйе бүгінде өз тиімділігі арқылы көпшілктің қолданысына терең еніп отыр. Бұл жерде бастысы әрбір жұмыс беруші немесе жұмыс іздеуші азаматтар өздерінің уақытын тиімді пайдалану арқылы қағазбастылықтан арылады. Мұнан өзге бұл жүйенің көмегімен әрбір салада қылаң беретін сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алуға және оны болдырмауға мол мүмкіндік туындайды. Сонымен қатар, электронды еңбек биржасы арқылы бұл саладағы ашықтық пен жариялылық анық байқалады.
А.Бисенов.
                                                                               
26 қараша 2018 ж. 1 444 0