Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Адасудан сақтан, жас өскін!

Адасудан сақтан, жас өскін!

Адасудан сақтан, жас өскін!
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға
Ұстаз – баланың екінші анасы, қамқоршысы. Шәкіртінің білімді, тәрбиелі болуы үшін бар күш-жігерін жұмсайды. Бала ержетіп, бой түзегеннен-ақ оның бойында жақсы қасиеттердің дарығанын қалайды. Нәтижесінде  жақсы жолды таңдаған оқушысын көргісі келеді. Алайда соңғы уақытта жас буын арасында осы бір есірткіге тәуелді болып қалып жатқанын есітіп жатамыз.
Рас, қазіргі заман жастарының көбісі нашақорлыққа, есірткі мен темекіге тәуелді болып жүр. Осылардың әсерінен адамдардың денсаулығына көп зиян келеді. Көптеген ақпараттарда есірткі атаулының зияндығы жөнінде оқып-біліп отырамыз. Сондағы түйгенім, есірткіні қолданған адамның денсаулығында қан айналымы мен түрлі түзілістердің жұмысы қиындап, адамның өмір жасы азаяды. Сонымен қатар, түрлі ауруларға ұшырап, бет-әлпеті өзгеріске ұшырайды. Ісік ауруларымен көп ауыратын болып кетеді. Есірткілердің бәрі өте қауіпті, зардабы ауыр. Бұл жағдайдың қауіптілігі сол –тыныс алу кенет тоқтап қалады.
Иә, атауы жаман нәрсені көп қолдану салдарынан баланың ойлау қабілеті тежеліп, елес сезіліп, адамның өзіне деген сенімсіздігі туады. Тамағы кеуіп құрғайды. Адамның кеудесі қысылып тынысы тарылады, жүрек соғуы жиілеп, басы айналады. Көз қарашығы ұлғайып, құлағы шыңылдайды, жүрегі айнып лоқсиды, болар-болмыс нәрседен қорқып, үрейленіп жүреді. Бірте-бірте адам санасы тоқырауға ұшырайды. Көру қабілеті нашарлайды. Нашақор ұмытшақ, жалқау, дөрекі болып келеді. Бұл дерттен арыла алмай қиналады. Сонда адам денсаулығына осыншалықты зиянды нәрсені қабылдаған жағдайда, үлкен адам ғана емес, оқушы бала қалай көтереді деген ой келеді. Сол үшін де балаға екі тараптан, мұғалім мен ата-ана тарапынан қадағалау қажет-ақ. Енді жан-жағына қарап бой түзе бастаған балаға дұрыс жол көрсету – біздің міндетіміз. Осы орайда айтатыным, оқушы пандемияға байланысты көп уақытын үйде өткізуде. Оның сабаққа дайындығын, бос уақытын тиімді пайдалануына ата-ана көп көңіл бөлуі тиіс. Баланың жақсыға қарап бой түзейтінін ескерсек, алдымен өзіміз оларға үлгі болуға тиіспіз. Сонда ғана баланың өмірге деген көзқарасы дұрыс бағытқа өзгеріп отырады. Қазіргі уақытта «Болашақ есірткіге қарсы» атты дөңгелек үстелдер өткізілуде. Осындай шараның мән-мағынасын толық түсінген бала атауы жаман дерттен бойын аулақ ұстайды.
Қорытындылай келе, оқушыға дұрыс жолды ең алдымен өзіміз нақты ісіміз арқылы көрсеткеніміз жөн.

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБ байқауына
Жансүгірова Айғаным Аралбайқызы
Қызылорда облысы, Арал ауданы
№220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
16 қараша 2020 ж. 684 0