Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы-2 – Орал бағытындағы пойыздың қозғалысы қайта жанданады

Алматы-2 – Орал бағытындағы пойыздың қозғалысы қайта жанданады

№51/52 «Алматы-2 – Орал» бағытындағы жолаушылар пойызы 2 желтоқсаннан бастап Алматы-2 стансасынан жұп күндері жөнелтіліп, Орал стансасына 4 желтоқсаннан бастап күнара қатынайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» нөмірі арқылы алуға болады. «Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде ресми BILET.RAILWAYS.KZ сайты арқылы ресімдеулерін және коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды сұрайды», - делінген хабарламада.
24.kz
18 қараша 2020 ж. 392 0