Бас мүфтидің Сыр еліне сапары басталды (ФОТО)

Бас мүфти өңір басшысына Құрбан айт кезінде қолдау көрсетіп, ұлық мейрамымыздың жоғары дәрежеде өтуіне атсалысқаны үшін алғыс айтты. «Біздің мақсатымыз айқын. Өңірдегі діни ахуалды талдап-таразылау, қордаланған мәселелерді анықтап, шешу жолын табу. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, Ихсан ілімін тарату, Ислам академиясын ашу жайлы ұсыныстарымды жеткіздім. Мемлекет басшысы бұл жобаны қолдады. Осы бағыттағы жұмысты бірлесіп жандандыруға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Сонымен қатар қайырымдылық жұмыстарын бірлесіп атқару, асыл діннің насихаты, жат ағыммен күрес тақырыбы сөз болды. Кездесу соңында Гүлшара Наушақызы Діни басқарманың ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.
Айта кетейік, кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов қатысты.
muslim.kz