Қызылорда: Құжатты үйге жеткізіп беру 2240 теңге тұрады

«Енді қызылордалықтар дайын құжаттарды немесе автокөлік нөмірін алу үшін мамандандырылған бөлімге бармай-ақ, курьер қызметін пайдалана отырып оны кез келген мекенжайға алдыруға мүмкіндіктері бар. Ол үшін Мамандандырылған бөлімге барып, автокөлік құжаттарын рәсімдеу кезінде қызмет көрсетуші маманға өтініш қалдыру қажет немесе электронды үкімет порталы арқылы өтінішті рәсімдеуге болады.
Бүгінде мамандар 20-дан астам қызмет алушыға құжаттары мен автокөлік нөмірлерін үйлеріне жеткізіп берген.
Айта кетейік, бұл құжаттарды үйге жеткізіп беру сервисінің құны – 2240 теңге. Қызмет алушы қызмет ақысын дайын құжаттарды алғаннан кейін төлейді.
kyzylorda-news.kz
