Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Синоптиктер Қазақстанның қай аймағында қатты жауын-шашын болатынын айтты

Синоптиктер Қазақстанның қай аймағында қатты жауын-шашын болатынын айтты

Синоптиктер 2020 жылғы 24-26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның батысында қатты жауын-шашын болады. Қалған өңірлерде ауа-райы құбылмалы. Кей жерлерде қатты қар жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. 
"Кезең ішінде Қазақстанның барлық дерлік аумағына жауын-шашынсыз ауа райын сақтай отырып, Солтүстік-батыс антициклон сілемі өз әсерін тигізуді жалғастырады. Циклон Скандинавия түбегінің аудандарынан елдің тек батыс аймақтарына ауыса бастайды, ол жауын-шашын әкеледі, кейбір аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын, сондай-ақ ауа температурасы аздап көтеріледі. Республика аумағының кей жерлерінде жел күшейеді", - дейді синоптиктер.  
stan.kz

23 қараша 2020 ж. 373 0