Демалыс күндері ел аумағында боран соғып, қалың қар жауады
Kyzylorda-news.kz. 28-30 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.Қараша айының соңында Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады.
Ол өзімен бірге қар әкеледі, жекелеген өңірлерде қалың қар жауады. Сондай-ақ көктайғақ болып, боран соғады. Жел күшейеді.
Алайда кезеңнің ортасынан бастап ауа райын кең антициклон анықтай бастайды. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.










