2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Сәрсенбіде фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде жауын-шашын (көбінесе қар), солтүстіктің кей жерлерінде – аздаған қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклонның әсерінен күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.
Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
kyzylorda-news.kz