Қазақстанда екі апталық локдаун енгізіле ме?

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл жалған ақпарат. Қазіргі таңда қатаңдату шараларын қабылдау жоспарланып отырған жоқ. Бір де бір облыста мұндай мәселе көтерілмеді», – деп хабарлады комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Ол медициналық бетперде тағудың және әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын еске салды. Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға шақырды.
kyzylorda-news.kz