Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы ең бай 50 адамның есімі аталды

Қазақстандағы ең бай 50 адамның есімі аталды

Forbes Kazakhstan Қазақстандағы ең бай 50 адамның тізімін жасады. Олардың жалпы байлығы рекорд орнатып, 26 миллиард доллардан асып түсті.

Бұл туралы Forbes Kazakhstan-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Тізімдегі алғашқы орынды «KAZ Minerals» тобының президенті және ірі акционері 57 жастағы Владимир Ким бастап тұр. Оның байлығы – $3 400 000 000.
Ал 2-нші орынға кәсіпкер, қоғам қайраткері, «Атамекен» ҰКП басшысы Тимур Құлыбаев жайғасты. Байлығы – $ 3 100 000 000.
Тізмідегі 3-інші орыннан ТИмур Құылбаевтың жұбайы, 50 жастағы Динара Құлыбаева көрінді. Ол күйеуімен бірге ««АЛМЭКС» холдинг тобы, «Кипрос» ЖШС және Steppe Capital Pte Ltd-ге  басшылық етеді. Байлығы $ 3 100 000 000.
4-інші орында Қазақстан теннис Федерациясының  президенті, ITF директорлар Кеңесінің мүшесі, кәсіпкер, қоғам қайраткері, елші Болат Өтемұратов тұр. Байлығы – $ 2 600 000 000.
Ал 5-інші орынға жайғасқан ERG тобының иелерінің бірі 64 жастағы Алиджан Ибрагимов. Байлығы – $ 2 300 000 000.
Сондай-ақ тізімдегі 6-ыншы орынға Рашит Сәрсенов ($ 735 000 000), 7-інші орынға Дәурен Жақсыбек ($700 000 000), 8-інші орынға Кеңес Рақышев ($691 000 000), 9-ыншы орынға Бақытбек Байсейітов ($571 000 000), 10-ыншы орынға Нұрлан Смағұлов ($450 000 000) жайғасты.
Stan.kz
06 мамыр 2018 ж. 5 314 0