Астролог жаңа 2021 жылы кімдерді қиындық күтіп тұрғанын айтты
Алена Полынь есімді астролог жаңа 2021 жылы жұлдыз жорамал белгілерін не күтіп тұрғанын айтты. Сиыр жылында кім қандай қиындықтарға ілігуі мүмкін екеніне шолу жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Өзіне бабалардан берілген қасиеті бар екенін айтатын әйел сиыр жылында дүниеге келгендерді қиындықтар күтіп тұрғанын айтады: 1925, 1937, 1949, 1961, 1973, 1985, 1997, 2009, 2021. Әсіресе, мына даталарда дүниеге келгендер бұл сөзге ерекше құлақ асуы тиіс: 1961, 1973, 1985, 1997.
Айтуынша, егде жастағы адамдар сиыр жылы жақсы қарым-қатынас танытпақ, сондықтан оларға барлық тиісті шараны ұстану міндетті емес.
«Өзіміз білетіндей қытайлық жорамалда 12 жылдық цикл бар. Дана адамдар әр 12 жыл сайын жылдың қожайыны қайтып келіп, осы жылы дүниеге келгендерді сұрақ астына алады деп айтады. Сол сияқты сиыр да келіп, адамдардан өткен 12 жылда не істегендерін сұрайды. Егер адам шын мәнінде тырысып, көп жақсылық жасаса, сиыр оны марапаттайды. Ал еген 12 жыл бойы өміріне налы болып жүрген болса, сиыр осы жылы туғандарға қатал қарайды», – дейді астролог.
Оның сөзінше, барлық салада күрт өзгерістер болады: әлеуметтік өмір өзгереді, отбасылық статус пен мәдениет, тұрмыс, дін де өзгеріске ұшырайды.
Өзгерістерге тез бейімделмейтіндерді үлкен проблемалар күтіп тұр, дейді ол.
stan.kz