Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылы қазақстандықтар жүргізуші куәлігінсіз жүре алады

2021 жылы қазақстандықтар жүргізуші куәлігінсіз жүре алады

Жаңа ереже тек Қазақстан азаматтарына арналған. Шетелдіктер жүргізуші куәлігімен жүруге міндеттеледі.
Мәжіліс депутаттары жүргізуші куәлігін ұмытып кеткен жүргізушілерге қатысты әкімшілік іс қозғамау туралы заңды мақұлдады.
Жаңа ереже тек Қазақстан азаматтарына арналған. Шетелдіктер жүргізуші куәлігімен жүруге міндеттеледі.
– Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында тексеріс барысында жүргізуші куәлігі, Қазақстан Республикасында берілген  көліктің тіркеу құжаты болмаған жағдайда оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау туралы заң жобасы Мемлекет басшысының қарауына жіберілді.
Аталмыш құжаттар ішкі істер органдарының ақпарат базасында сақаталады. Қажет болса полиция қызметкерлері ақпарат базасы арқылы тексере алады, - деді Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов.  
Әсем Әлмұханбет  
qamshy.kz​​​
                                                                                                                                                                                   
09 желтоқсан 2020 ж. 770 0